Мұхтар Құл-Мұхаммед Алматы облысы, Қарасай ауданына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Құл-Мұхаммед Алматы облысы, Қарасай ауданына жұмыс сапарымен барды

11.01.2018

Алматы облысы, Қарасай ауданында Мемлекет басшысының Жолдауы мен бағдарламаларында көрсетілген міндеттер дер кезінде орындалып, ел экономикасының дамуына серпін беріп келеді. Өңірге жұмыс сапарымен барған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай деді. Оның сөзінше, ірі мегаполиске жақын орналасқан аудан алып нарыққа тікелей шығып отыр. Сондықтан, бұл жерде шағын және орта бизнес өркен жайған. Мәселен, аймақта орналасқан «Алматы шыны» кәсіпорны жылына 120 млн. бөтелке дайындайды. Қазір өнеркәсіптен шығатын сапалы құтыларды көрші елдерге экспорттау көзделіп отыр. Ал, «Алматы өнімдері» кондитерлік фабрикасы жылына 13 тонна дайын өнім өндіреді. Сондай-ақ, рухани өмірде де тың серпіліс бар. Былтыр «Батыр бабалар» мемориалды кешені мен «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасымыз өзінің бүгінгі Жолдауында ел экономикасын дамытудың басым 10 бағытын көрсетіп берді. Соның үшінші бағыты ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған. Дәл мына біз тұрған кәсіпорын Қазақстанның өз ішіндегі облыстарға ғана емес сондай-ақ, Ресейдің 13 ірі қаласына Германияға, бүкіл орталық Азиядағы елдерге Қытайға және Беларуське өнімдерін шығарып отыр. Міне, экспортқа арналған өнім шығаратын кәсіпорындар деген осындай болу керек деп есептеймін.

  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу