Қызылордада су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

09.01.2018

Себебі, Сырдариядағы судың көлемі ең жоғары белгіге жетті. Жоғарыдан секундына 640 текше метр су құйылып жатыр. Оның үстіне, аудандарда ауа температурасының әр түрлі болуына байланысты мұздың қалыңдығы да әрқалай. Тіпті, мұз қатпаған аумақтар да бар. «Бұл мұз кептелісіне әкелуі мүмкін», дейді мамандар. Сондықтан, өзен бойындағы бөгеттің қауіпті деген 96 тұсы нығайтылып, биіктетілді. Дария жағалауындағы саяжай тұрғындарына ескерту жасалып, түсіндірме шаралары жүргізілуде. 83 эвакуациялық жинақтау және 104 қабылдау бекеті дайын. Төтенше жағдай қызметі мен су мамандары дария бойында күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырып, ахуалды назарда ұстап отыр. 

Жорабек Нұрымбетов, «Қазсушар» өндірістік учаскесінің басшысы:

- 15-20 жылдың ішінде мұндай көтерілу процесі болатын, бірақ, ол бір-екі күннің ішінде кетіп қалатын. Бұл процесс биыл ұзаққа созылып тұр. Дегенмен, бүгінгі процесс көтерілгенімен, қаланың маңайын жағалайтын қорғаныс бөгеттің осал жерлері бекітілген. Қаланың ішіндегі 22 ең үлкен компания бар, сол компанияларға бекітіліп берілген. Олар күнделікті қадағалап отыр және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырған.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу