Елордадағы қоғамдық орындар маңындағы көлік қозғалысын «Астананың көлік тұрағы кеңістігін басқару жобасы» реттемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы қоғамдық орындар маңындағы көлік қозғалысын «Астананың көлік тұрағы кеңістігін басқару жобасы» реттемек

08.01.2018

Таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін тұраққа көлік қою ақысы  сағатына 100 теңгеден болады. Төлем отыз минут ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Демалыс және мереке күндері тұраққа көлік қою ақысы тегін. Ал, «Халық қаһарманы» мен «Алтын қыран» орденінің иегерлері және 1-топтағы мүгедектер, Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері тұрақты ақысыз пайдаланады. Бұл қатарда II Дүниежүзілік соғыс пен Ауған соғысының ардагерлері және Семей полигонынан зардап шеккендер бар. Өткен жылдың өзінде Астана қаласында көлігін автотұраққа дұрыс қоймағаны үшін 4 мыңнан аса  жүргізуші жауапқа тартылды. Былтыр жүргізушілерге салынған айыппұл көлемі 56 млн. теңгеден асып кеткен. 

Хамит Тамабаев, қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының маманы:

-Автотұрақтардың басты енгізу мәселесі халықты соған бейімдеу. Үйден шыққанда ойланатын болады. Қоғамдық көлік бір жағынан бар. Такси жүйесі екінші жағынан бар. Үшінші өзінің көлігімен де есептеп оны қолдануға болады.  

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу