Депутаттар Сыр өңірінде жұмыс сапарымен жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар Сыр өңірінде жұмыс сапарымен жүр

04.01.2018

Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров  бастаған Парламенттің Жоғарғы және Төменгі палатасының бір топ депутаты Сыр өңірінде жұмыс сапарымен жүр. Халық қалаулылары аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жергілікті жұртшылықпен кездесті. Қызылордада соңғы жылдары істеліп жатқан жұмыс ауқымды. Оның ең бастысы – Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қала құрылысы. Қазір ол аумақта тұрғын үйлер, түрлі әлеуметтік нысандар салынып жатыр. «Рухани жаңғыру» орталығы бой көтеруде. Мұның барлығы болашақ үшін маңызды жобалар. Депутаттар қала тұрғындарымен кездесу барысында «Рухани жаңғыру» мәселесін кеңінен әңгімеледі. Елдік мүддені жоғары қоятын  әрбір азамат Елбасы мақаласындағы айтылған әр ойды терең түсініп,  түйсінуі керек.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу