Жүк тасымалы саласындағы қорытынды

29.12.2017

Елімізде логистикалық бағыттағы жүк тасымалын тиімді қылу үшін шетелдерден заманауи терминал салу керек. Бұл туралы бүгін жыл қорытындысына арналған арнайы брифингте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы Оралхан Кулаков айтты. Жалпы, үстіміздегі жылды қорыта айтқанда жүк тасымалына қатысты көрсеткіштерде тек өсім байқалады.

 Үстіміздегі жылы теміржолмен 8,9 миллион тонна астық тасымалданған. Осының ішінде алты миллионға тарта тонна бидай өнімі экспортқа шығарылды. «Алайда, логистика саласында жылда туындайтын мәселені түбегейлі шешу үшін отандық вагондар қатынайтын елдерден арнайы терминалдар салу қажеттілігі туындап тұр», - дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының басшы.    

 Оралхан Кулаков, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы:

- Логистикалық инфрақұрылымды дамыту керекпіз. Сол кезде қиыншылық болмайды.

Қазіргі кезде Орталық Азияда қазақстандық астықты өткізу мүмкіндігі айына 600 мың тонна бидай мен 200 мың тонна ұн өткізуге ғана жетеді. Егер де көршілес елдердегі жүктер қолмен тиеліп, түсірілмейтін болса, онда бұл сан екі есеге дейін жоғары болар еді.

Рамазан Айғайбеков, «Астық Транс» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұрындары вагондарға түнімен жүк тиеле беретін. Қазір ондай жоқ. Элеваторлар таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін ғана жұмыс істейді. Алайда, «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшылығы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде бұл мәселе шешімін тапты.

Сараптау көрсеткендей, өткен жылмен салыстырғанда вагон айналымы он тәулікке артқан. Вагон айналымының көп уақыты жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың бастапқы және соңғы операцияларды жүзеге асыруына кетеді. Соның салдарынан  станцияларда жасанды вагон жетіспеушілігі туындап отыр. Соған сәйкес, «ҚТЖ» станциялардағы вагондардың нормативтен артық тұрып қалуына  қаржылық жауапкершілікті он есеге арттыруды ұсынып отыр.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу