Қостанай облысының Меңдіқара ауданында браконьерлер қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында браконьерлер қолға түсті

29.12.2017

Олар орман шаруашылығында заңсыз екі сібір елігін атып алған. Полицейлер көлік іздері арқылы күдіктілердің ізіне түскен. Қасқат ауылындағы 59 жастағы тұрғынның үйін тінту кезінде сойылған еліктердің еті, терісі және мылтық табылған. Қару 65 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі болса, ал еліктердің еті тасымалданған көлік 51 жастағы басқа ер адамдікі болып шықты. Жедел-тергеу амалдары нәтижесінде қаскөйлер атып алған жануарларды танысының үй ауласына әкеліп тастағаны анықталды.   

Сұңқар Байдәулет, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

 - Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы жыл басынан бері Қостанай облысында 18 браконьерлік дерек тіркелді. Мемлекетке 8 млн. теңге шығын келтірілген. Бүгінде бұл соманың екі миллионы ғана өтелді.    

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу