Соңғы реформалар ел дамуының кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы реформалар ел дамуының кепілі

27.12.2017

«Қазақстанда 2017 жылы жасалған тың реформалар елдің дамыған 30 елдің қатарына мерзімінен бұрын кіруіне сеп». Бұл Бельгиядағы отандасымыз Ариф Давыдовтың пікірі. Еуропадан елге инвестиция тартумен айналысып жүрген жерлесіміз Астана халықаралық қаржы орталығына шетелдіктердің қызығушылығы басым екенін айтады. Жұмыс бабымен 15 жылдан бері Бельгияда тұрып жатқан Ариф еліміздің латын қарпіне көшуін қолдап отыр. «Мұндай реформа - бәсекеге қабілеттілікті арттырып, ұлттық сананың жаңғыруына серпін береді», дейді жерлесіміз.    

Ариф Давыдов, Бельгиядағы қазақ қауымдастығының мүшесі:

- Ол модернизация. Халықтың бәрі өткен. Түркия, Әзірбайжан. Олардың бәрі өтті латынға. Оқыған кезде де жеңіл. Қазақстан өзгерді. 15 жылда алға жүріп жатыр. Мысалы, автобам жасады. Алматыдан Шымкентке дейін. Жақсы автобам, жолдары күшті.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу