Қостанайдан Түркияға темір жол бағыты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдан Түркияға темір жол бағыты ашылды

25.12.2017

Қостанайдан Түркияға дейін тікелей темір жол байланысы ашылды. Шойын жол арқылы жүк тасымалданады. Жаңа бағыт бойынша Түркияның Мерсин портына Әзірбайжан, Грузия мемлекеттері арқылы жетуге болады. Бұл қостанайлық кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Біріншіден, Анадолы еліне экспортталатын тауарлар жедел түрде жеткізіледі. Екіншіден, жаңа нарыққа жол ашылады. Үшіншіден, қаржыға үнем. Бүгін мал азығы өнімдері тиелген 38 контейнерлі жүк вагоны жолға шықты. Бұдан кейін осы  бағыт арқылы ұн және бидай тасымалданбақ. 

Ғани Есенбаев, «Қостанай темір жол бөлімі» директорының орынбасары:

- Тасымал «есіктен есікке» қағидасы бойынша іске асырылады. Яғни, жүкті басқа да локомотивтермен тасымалдаудың қажеті жоқ. Қайтар кезде вагондар бос келмейді. Біздің елге импорттық тауарларды жеткізетін болады.

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу