Ұлттық арнадан «Енші» бағдарламасы көрерменге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнадан «Енші» бағдарламасы көрерменге жол тартты

20.12.2017

«Qazaqstan» Ұлттық арнасында тағы да тың жоба. Жастарға арналған интеллектуалды бағыттағы «Енші» бағдарламасы көрерменге жол тартты. Зияткерлік сайысқа еліміздегі барлық аймақтан  1200-ге жуық жас өрен қатысуға тілек білдіріп, солардың тек 48-і телевизиялық жобаға жолдама алған болатын. Бағдарлама талапты да, талантты, ғылым-білімге құштар жастарды жігерлендіруді көздейді. 4 кезеңнен тұратын дода тек білім саласын ғана емес, атына заты сай салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды қамтиды. Тапсырмалардың барлығы жоғары дәрежелі доктор профессорлардың қатысуымен сұрыпталған. Бағдарламаға тек оқушылар ғана емес, 16 мен 21 жас аралығындағы студенттердің де қатысу мүмкіндігі болды. Ал, еншісін алып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жас буын 1 млн. теңгелік сыйақыға ие болмақ. Ендеше, білімнің биігінен көрінген жұлдыздар кімдер? Бұл сұраққа жауап іздесеңіз, әр жұма сайын сағат 16:15-те «Qazaqstan»  Ұлттық арнасын қосыңыз.  

Нариман Қойшыбаев, «Енші» зияткерлік-танымдық телевизиялық бағдарламасының  авторы:

- Тек қана әнші, актер, биші ғана емес, мына заманда білімі бар адам да жұлдыз бола алады. Біз нақты осындай балаларды іздедік. Қазақта еншіңді алу деген не? Яғни, бар нәрсенің ішінен екінші барды шығару.

Хабарламаларға жазылу