Халықаралық ұйым өкілдері: Нұрсұлтан Назарбаев - әлемдік қауіпсіздікке үлес қосқан тұлға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық ұйым өкілдері: Нұрсұлтан Назарбаев - әлемдік қауіпсіздікке үлес қосқан тұлға

18.12.2017

Нұрсұлтан Назарбаев - әлемдік қауіпсіздікке үлес қосқан тұлға. Ол мұны 26 жыл бұрын Семей сынақ полигонын жабу арқылы дәлелдеп берген. Сөйтіп, Қазақстан ядролық қаруға қарсы күрестің көшбасшысына айналды. Орталық Азия университеті ғалымдары мен халықаралық ұйым өкілдері халықаралық конференцияда осылай деді. Алайда, олар алаңдаушылықтарын да жасырмады. Өйткені, «ядролық қару бұрын жетекші мемлекеттердің ғана қолында болса, қазір оның саны артқан. Міне, сол елдер атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдаланатын бізден үлгі алулары тиіс», - дейді. Жиында сөз алғандар Елбасының бітімгершілік әлеуетіне де ерекше тоқталып өтті. Ресей мен Түркияны мәмілеге шақырғандығы, Қырым дағдарысына араласуы оң нәтижесін бергенін айтады.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу