Францияда мектеп автобусы апатынан 4 бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда мектеп автобусы апатынан 4 бала қаза тапты

15.12.2017

Францияның оңтүстігінде мектеп автобусы пойызға соғылып, 4 бала қаза тапты. Тағы 20-ға жуық жасөспірім жараланып, ауруханаға түскен. Франция Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, оқиға Перпиньян қаласының маңында темір жол өткелінде болды. Автобуста кемінде 20 бала болған. Оқиға орнына жедел тікұшақпен жеткен ел премьер-министрі Эдуард Филиптің сөзіне қарағанда, қаза тапқандардың аты-жөндері әлі анықталып жатыр. Жараланғандар 13 пен 17 жас аралығында екені белгілі болды. Олардың 11-і ауруханада ауыр халде жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, автобус темір жол өткеліне жеткенде шлагбаум көтеріліп, рұқсат беретін сигнал жанған. Трагедияның себебі анықталып жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу