Елімізге энергетикалық сусындарды әкелуді шектеу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге энергетикалық сусындарды әкелуді шектеу керек

13.12.2017

Мәжіліс депутаты Сәкен Қаныбеков Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Қазақстанда 2013 жылғы 19 тамыздағы Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен сай келмейтін компонеттері бар сусынды орта, арнайы және жоғары оқу орындарында, балалар мен жасөспірімдердің бұқаралық шараларында тұтынуға тыйым салынған. Алайда, ол жүзеге аспай келеді. Ал, бұл сусындардың құрамында психотропты заттар бар. 

Сәкен Қаныбеков, ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Сондықтан, елімізде энергетикалық сусындарды әкелуді шектеу бағытында тағы да шараларды қабылдап, оны тұтынған жасөспірімдер үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді немесе оның әкелінуін толық тоқтатуды ұсынамыз.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу