Оңтүстік Қазақстан облысында екі жоба іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында екі жоба іске қосылды

11.03.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында екі жоба іске қосылды

Тамақ өнімдерінің 80 пайызын өңірде өндіріп отырған Оңтүстік Қазақстан облысында үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасына енген екі жоба іске қосылды.

 
Жылына 1200 тонна қияр мен қызанақ өсірілетін жылыжайдың жалпы аумағы - 2 гектар. Жоба толығымен «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы тарапынан қаржыландырылып, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
 
Құны 489 миллион теңге тұратын жылыжай кешені толығымен жаңа технологиямен жабдықталған. 43 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер сәуір айының ортасында алғашқы өнімді жинамақшы. 
 
Сондай-ақ жаңадан іске қосылған ет-сүт және кондитер өнімдерін шығаратын цехтың да ауқымы кең. Бұл жоба бойынша 75 жаңа жұмыс орны ашылды.
 
Ауылшаруашылық өнімдерін өсіруге қолайлы оңтүстік өңіріндегілер енді кез келген өнімді өсіріп қана қоймай, оны 100 пайыз қайта өңдеп, өзге өнім түрлерін шығаруды қолға ала бастады. 
 
Сапарбек Тұяқбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
Тағы бір маңызды мәселе -  әр ауданның, әр ауылдың шикізат базасы есептеле отырып,  ауыл шаруашылығын қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі бойынша нақты жобалардың тізімі жасалды
 
 
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ

Хабарламаларға жазылу