Қостанай облысынның Ұзынкөл ауданында мал сою бекеті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысынның Ұзынкөл ауданында мал сою бекеті ашылды

13.12.2017

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге бағытталған мал сою пункті ашылды. Бекет тәулігіне бес тоннаға дейін ет қабылдауға қауқарлы. Яғни, мұнда 24 сағат ішінде 30-32 бас ірі қара сойылады. Жергілікті кәсіпкер ғимарат құрылысын өз қаражаты есебінен жүргізген. Ал, ет сақтайтын құрылғылар орнату үшін мемлекеттік бағдарламаға жүгініп, 9 млн. теңге несие алған. Нысан 8 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды. Жалпы, жыл соңына дейін Қостанай облысында қосымша 10 модульдік мал сою пункті пайдалануға беріледі. Осылайша, өңірдегі мал сою орындарының жалпы саны жүзге жетпек.

Берікжан Қайыпбай, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:

- Бұл пункттер шетелге экспортқа өнім шығарамыз десе, оған да жағдайлары болады. Оның арнайы түрде талаптары бар. Соны орындаса, оған да рұқсат беріледі.

 

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу