«Ашық үкімет» порталы халық игілігі үшін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ашық үкімет» порталы халық игілігі үшін

12.12.2017

«Ашық үкімет» порталына жыл басынан бері тұрғындар тарапынан небәрі 50 шақты пікір келіп түскен. Бұл туралы бүгін электронды жүйені насихаттауға арналған «Ашық арна» жобасының жалпыұлттық талқылауында айтылды. 2015 жылы өз жұмысын бастаған «Ашық үкімет» порталы халық пен билік арасындағы көпір тәріздес. Кез келген заң немесе бюджет қаржысы мемлекет тарапынан бекітілмес бұрын осы порталға салынып, кемінде 1 ай қоғам талқысында болады. Алайда, халық ақпараттанбағандықтан бұл порталдың тіпті барын да білмейді. 1000-ға жуық заң болса, соған тек 100 адам пікір жазады екен. Сондықтан, «Ашық арна» жобасын  жүзеге асырушы мамандар тұрғындарды белсенді болуға шақырады.   

Мұхтар Манкеев, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының төрағасы:

- Қай заң қашан шығады, бюджет қандай? Біз соны жеткізгіміз келеді. Себебі, министрлік болсын, әкімшілік болсын, жариялаған кезде, біз жарияладық, келіп қараңыз деп айтпайды. Солай халық көрмеген заңды Парламентке, Сенатқа жібере салады.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу