Алматыда «Жастар сыбайлас жемқорлықтан тыс» атты жастар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жастар сыбайлас жемқорлықтан тыс» атты жастар форумы өтті

11.12.2017

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған шарада студенттер ашық қоғам құрудың артықшылықтарын талқылады. Ал, танымал қоғам белсенділері тәлімгерлерге адал өмір сүрудің жолдарын айтты. Олардың сөзінше, жемқорлық - қоғамды іштен ірітетін жегі құрт. Ал, өскелең ұрпақ бұған жұмылып қарсы тұрса, оны жоюға толық негіз бар. Сондықтан, жастар біліммен қоса, тарихи тұлғалардың өмірінен сабақ алуы қажет. Сонда олар келешегін тек ұлтқа қызмет етуге арнайды.

Жантілеу Әзизханов, Алматы колледждері қауымдастығының төрағасы:

- Бүгінгі шараның ең негізгі мақсаты - жастардың бойына сана-сезімін ояту.  Халқымыздың байлығын да, Тәуелсіздігін де, намысын да ұстайтын осы жастар. Сондықтан, жастарға біліммен қатар тәрбие беруіміз керек. Ол ата салттан қалған дәстүріміз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу