Елбасы елорданың Астана қаласына көшуіне арналған мерекелік шараларға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы елорданың Астана қаласына көшуіне арналған мерекелік шараларға қатысты

11.12.2017

Мемлекет басшысы елорданың Астана қаласына көшуінің 20 жылдығына арналған бірнеше іс шараға қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев алдымен ЭКСПО конгресс орталығында ұйымдастырылған «Президент және Астана» атты фотокөрмені аралады. Бұл жерде билік өкілдері мен қарапайым халықтың алғаш Астанаға келу сәттері бейнеленген. Сондай-ақ, бас қаладағы алғашқы ғимараттардың суреттері де ілінген. Фотокөрме жұмысымен танысқан соң Елбасы 20 жылдыққа арналған арнайы концертке қатысты. Отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары ән шырқап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Хабарламаларға жазылу