Мемлекет кепілдендіру құралын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет кепілдендіру құралын ұсынады

07.12.2017

Ауылдық жерлерде кәсіп ашуға көп жағдайда кедергі келтіретін кепілдендіру мәселесі шешілді. Яғни, қандайда бір іс бастауға шағын несие керек. Бірақ, соны алуға барған ауыл тұрғыны кепіл зат қоя алмай әуреге түсетін. Енді мемлекет бұл жауапкершілікті өз мойнына алды. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 18 млн. теңгеге дейін тегін кепілдік құралын ұсынып отыр. Бизнесті жаңадан ашқандарға 85 пайыз, ал, кеңейткісі келгендерге 50 пайыз мемлекеттен кепілдік беріледі. Бұл қызмет көрсету немесе мал шаруашылығын дамытып, кооператив құру бағытында қарастырылды. Бұған дейін кепілдендіру құралын 180-нен астам шаруа пайдаланған. Мұндағы мақсат - ауылдарда бизнесті дамытып, жергілікті жұртты жұмыспен қамту. 

Қанат Бақытұлы, «ҚазАгроКепіл» АҚ Кепілдендіру департаментінің директоры:

- Ең аз дегенде 15 пайыз өзінің кепілдігі болуы қажет. Сол кезде біз қараймыз. Негізінде ұжым жұмысты атқаратын болса, сол ауылдық жерде ашқан жұмысы сол кезде беріледі. Берілген жағдайда оны жапқанға дейін қарап отырамыз. Бірге тексеріп, қиындықтар болған жағдайда микрокредиттік ұйымдармен бірлесіп, ұзарту мерзімін немесе пайыз жағынан төмендетуді қарастырамыз. Бірақ, төленбей қалса, біз төлейміз.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу