Танымал журналист Геннадий Бендицкий өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал журналист Геннадий Бендицкий өмірден өтті

04.12.2017

Ол 3-желтоқсанда Минск қаласындағы ауруханада жан тапсырды. Туыстарының айтуынша, созылмалы аурудан көз жұмған. Қазіргі уақытта Беларусьтағы Қазақстан елшілігінің консулы журналистің туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бендицкий - ұзақ жылдар бойы «КТК» арнасында еңбек етіп, қызметін «Время» газетінде жалғастырған. Ал, соңғы жылдары Ratel.kz ақпараттық ресурсында жұмыс атқарды. Ол қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерге қатысты ашық әрі ащы жазбаларымен елге танылған еді. 

Хабарламаларға жазылу