Алматыда 2018 жылы құбыр зауыты пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 2018 жылы құбыр зауыты пайдалануға беріледі

30.11.2017

Алматыда диаметрі үлкен болат құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы келер жылы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында қытайлық инвестор Чэнь Даю жеткізді.

Оның сөзінше, құбырларды мұнай-газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдау, тау-кен, құрылыс, химиялық өнеркәсіп, энергетика салаларында пайдалануға болады. Ал, жоғары технологиялық кәсіпорын іске қосылғаннан кейін елге кіретін импортты азайтады. Сондай-ақ, 800 жаңа жұмыс орны ашылып, 300 адам еңбек етеді. Жергілікті бюджетке қосымша салық түседі. Сондықтан, бұл жоба Мемлекет басшысы айтқан экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту жөніндегі тапсырмасына толық жауап береді.

Чэнь Даю, қытайлық компанияның бас директоры:

 - Оның өндірістік қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға жетеді. Құбырларды тек мұнай өнімдерін тасымалдауға емес, ірі мегаполистің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында қолдануға болады. Зауыт Алатау ауданындағы индустриялық аймақта орналасқан. Сондықтан, осы ауқымды жоба - Қазақ-Қытай елдері арасындағы тығыз байланыстың нәтижесі екендігі анық.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу