2017 жылы еліміз бойынша тұрмыстық зорлық көрген мың жарым адам полицияға шағымданған. Олардың басым бөлігі - үлкен қалада тұратын азаматтар. Ішкі істер қызметкерлерінің хабарлауынша, көбіне ауыл тұрғындары ұрыс-керісті сыртқа шығармауға тырысады екен. Бір қызығы, тұрмыстық зорлықтың құрбандары қатарында тек әйелдер ғана емес, сондай-ақ, ер-азаматтар да бар.
Жағдайды оңтайландыру үшін республика көлемінде 30 дағдарыстық орталық жұмыс істейді. Астанадағы алқалы жиынға өңірден келген жергілікті полиция қызметінің өкілдері алдағы жұмыс жоспарымен бөлісіп, маңызды сұрақтарды саралады. Мәселен, тұрмыстық құқықбұзушылық істеген азаматтарға қатысты қамау уақытын ұзарту бойынша ұсыныстар айтылды.
Кенжебек Қосбаев, БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:
- Қазір ұсыныс берілді. 48 немесе 24 сағатқа дейін ұстауды ұзарту Парламент депутаттарымен қаралды. Себебі, отбасында құқықбұзушылық көп жағдайда ішімдік ішкен күйінде жасалады. Сол себепті, үш сағаттың ішінде ол адамды сауықтыру мүмкін емес.
Елдос САПАРҒАЛИ