Қазақстандықтардың банк картасындағы ақшасы жоғалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың банк картасындағы ақшасы жоғалып жатыр

29.11.2017

Бүгiн Мәжiлiс депутаты Шакир Хахазов Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке банк карталарының қауiпсiздiгi туралы сауал жолдады. Халық қалаулысының айтуынша, соңғы кезде шетелге барған отандастарымыздың төлем карталарынан ақша жоғалып жатыр. Сондай-ақ, елiмiзде алаяқтардың онлайн несие рәсiмдеуi жиiлеп кеткен. Банктер клиенттерiмен келiсiмшарт бекiтiп, төлем картасын берген кезде оларды осы «қара тiзiм» туралы ескертпейдi. Мысалы, өткен жылы Орал тұрғыны Вьетнамға барып келгеннен кейiн картасынан 400 мың теңгенiң жоғалғанын анықтаған. 

Шакир Хахазов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Банк «клиенттер «қауiптi» елдерде өз ақшасының қауiпсiздiгiн өздерi ойластырып, картаны бұғаттап тастау керектiгiн» айтқан. Банк төлем карталарына қызмет көрсеткенi үшiн жыл сайын ақы ұстап қалады. Сондықтан, банк картадағы ақшаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және келтiрiлген барлық шығынды өтеуге мiндеттi.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу