Астанада «Тіл жанашыры - 2017» республикалық байқауының лауреаттары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Тіл жанашыры - 2017» республикалық байқауының лауреаттары марапатталды

29.11.2017

Бұл марапат жыл сайын мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға сүбелі үлес қосқан еліміздің және шет елдердің азаматтарына табысталады. Жалпы, байқауды 2007 жылы «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігі бекіткен еді. Үміткерлерді марапаттау рәсімі екі жылда бір рет өтіп тұрады. Биыл ол алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Байқау жеңімпаздарының саны 30-дан асып жығылады. Олар түрлі салада өз ісінің үздігі болып қана қоймай, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, мәртебесін арттыруға елеулі үлес қосқан.

Қайрат Сарыбай, Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- «Тіл жанашыры» деген жүлде өте маңызды жүлде. Неге десеңіз, бұл мемлекеттің тарапынан беріліп жатқан жүлде емес. Бұл қоғамдық пікірдің нышаны. Сондықтан, осындай жүлдеге ие болғаныма мен ерекше қуаныштымын.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу