Қараөткел мәселесі кезең-кезеңмен шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қараөткел мәселесі кезең-кезеңмен шешіледі

29.11.2017

Өткен аптада Ұлттық арна жаңалықтарында Астана іргесіндегі Қараөткел ауылының әлеуметтік проблемалары жөнінде материал көрсетілгенін білесіздер. Бүгін ауылдық огкругте аудан әкімшілігінің өкілдері жергілікті халықпен кездесіп, аймақтағы мәселелерді талқылады. Осыдан бірнеше күн бұрын Ақмола облысының әкімі Қараөткелде болып, жергілікті билікке ауыл жағдайын көтеру туралы бірқатар тапсырма жүктеген. Қоғамдық тыңдауда әкімшілік жиынға келген барлық тұрғынның шағымын тыңдап, мәселені шешуге кірісетіндерін айтты. Медицина, жол, ауызсу сияқты аймақтағы проблемалар келер жылдан бастап кезең-кезеңмен шешілетін болды. Жергілікті тұрғындар ауылдық округ әкімшілігіне мұндай шешім қабылдағаны үшін ришазылықтарын білдірді.

Хабарламаларға жазылу