Астанада шекараларды басқаруға бағытталған БОМКА-9 бағдарламасының үшінші аймақтық отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шекараларды басқаруға бағытталған БОМКА-9 бағдарламасының үшінші аймақтық отырысы өтті

29.11.2017

Кездесуге Еуродақтың Қазақстан мен Қырғыз Республикасындағы өкілдері,  Сыртқы істер министрлігінің және Кеден ведомстволарының мамандары жиналды. Шара барысында шекараны басқару саласындағы жетістіктер мен кедергілер талқыланды. БОМКА бағдарламасы 2003 жылдан бастап Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен шекараларды басқару саласындағы әріптестігінің маңызды бастамаларының бірі. Бағдарламаның 9-шы кезеңі институционалды өзгерістерге, аралас миграциялық ағымдарды басқаруға, сауданы қолдауға бағытталған. Бағдарламаға Орталық Азияның 5 елінен 2 мыңдай адам қатысады. Оның жүзеге асуына Еуропалық Одақ 41 миллион еуро бөлген.

Райтис Тиликс, БОМКА-9 бағдарламасының аймақтық басшысы:

- 2018 жылы бағдарламамыз мемлекеттік шекаралардағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталады.  Жалпы, Орталық Азия елдерінде шекарашылар мен кеденшілерді дайындайтын оқу орындарды жоғары бағалар едім. Сондай-ақ, Орта Азиядағы адам саудасы, есірткі контрабандасы, ұйымдасқан қылмысты бақылау үшін Еуродақ алдағы уақытта 6 миллион 600 мың еуро қаржы бөлетінін де айтқым келеді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу