Атыраудан Ресейдің бірнеше қаласына тікелей әуе рейстері ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудан Ресейдің бірнеше қаласына тікелей әуе рейстері ашылады

24.11.2017

Бұл туралы Сочи қаласында Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Кеңесінің Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 11-ші отырысында айтылды. Онда екі елдің арасындағы сауда, экономикалық, парламентаралық байланыстарды нығайта түсу жолдары қарастырылды. Комиссияның аты айтып тұрғандай, көздегені алыс-беріс, барыс-келіс мәселелерін жақсарту. Екі елдің ең жоғарғы заң шығарушы органдары бүгін түйіні көп түйткілді ортаға салды. Ресей Федерациясының іргелес аймақтары мен Қазақстан облыстарының шекара маңындағы ынтымақтастығы орнықты, экономикалық өсімді, халықтың әл-ауқатының жақсаруын, инвестиция тартымдылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл жұмыс орындарының ашылуына, әлеуметтік және мәдени дамуға серпін беретін маңызды стратегиялық бағыт.

Сергей Громов, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

 - Өзекті мәселелер қозғалды. Екі елдің заңнамалық, атқарушы органдарының жұмысы, ортақ мақсаттар мен шешілуі тиіс проблемалар ортаға салынды. Әсіресе, кибершабуыл, жастар саясаты мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Жиында министрлік өкілдері де өз ұсыныстарын айтты.

Отырыста көтерілен маңызды мәселе - интеллектуалдық меншік құқығы. Біздің елде тіпті, 2001 жылы арнайы стратегия қабылданған еді. Осыған дейін комиссияның отырысы Атырау қаласында өткізілген еді. Сол кезде Атырау қаласынан Ресейдің Самара, Астрахань, Владивосток қалаларына әуе рейсерін ашу керектігі айтылған.

Ресей заңдарына сәйкес шекаралас аймақтарға өзге елдерде шығарылған кітаптар кіргізілмейтін. Енді заңнамалық тұрғыда осы мәселе де шешілді. Бұл комиссияның 11-ші отырысында белгілі болды.

Қазақстан мен Ресейдің арасындағы сауда айнылымы 2017 жылы 33 пайызға артып, 10 млрд. долларға жеткен. Екі елдің дипломатиялық қатынастарының орнағанына - 25 жыл. Комиссия отырысында әріптестікті дамыту үшін ортақ жобаларды жүзеге асыру керектігі айтылды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу