Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық топ жетекшісіне іздеу салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында қылмыстық топ жетекшісіне іздеу салынды

24.11.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай ұрлығымен айналысқан қылмыстық топқа Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері жетекшілік етіп келген. Топ мүшелерін ұстау кезінде қашып кеткен бұл азаматқа іздеу жарияланды. 38 жастағы лауазым иесі Мемлекеттік кірістер департаментінде бөлім бастығы қызметін атқара жүріп, осыдан 2 жыл бұрын қылмыстық топ құрған. Олар «Павлодар-Шымкент» магистральді құбырынан шикі мұнайды ұрлаумен айналысады. Қазіргі таңда күдіктіге ұйымдасқан топ құрды және оған басшылық жасады деген айып тағылып, іс қозғалды.

Күдікті Данияр Қалдыбаев ұсталған жағдайда оны қамауға алу туралы сот санкциясы шыққан. Көрерменге түсінікті болу үшін айта кетейік, бұл осыдан екі күн бұрын мұнай ұрлығы үшін құрықталған, ұйымдасқан топтан  бөлек оқиға. Бірақ, екі қылмыстық істің де әрекеттері бір-біріне ұқсас.  

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу