Елімізде балалар үйінің азайып келе жатқаны жүйелі жұмыстың жемісі - Гүлшара Әбдіқалықова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балалар үйінің азайып келе жатқаны жүйелі жұмыстың жемісі - Гүлшара Әбдіқалықова

24.11.2017

«Елімізде балалар үйінің жыл санап азайып келе жатқаны жүйелі жұмыстың жемісі». Бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы кезінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді. Шара барысында 2017-2019 жылдарға арналған Павлодар және Қызылорда облыстарында осы бағытта атқарылатын жұмыс жоспары таныстырылды.

Руслан Рүстемов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары: 

- Биылғы жылы облыста ана өлімі тіркелген жоқ. Сәбилер өлімі 38 пайызға төмендеді. Сонымен бірге, 2015 жылдан бастап балалар үйі жабылып, отбасылық үлгідегі мекеме ашылып сонда балалар тәрбие алып жатыр. Ондағы балалардың саны жылдан-жылға асырап алушылардың санынан азайып төмендеуде. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу