Салық төлемегендердің мүлкі тәркіленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салық төлемегендердің мүлкі тәркіленеді

21.11.2017

Салықтан жалтарып жүргендердің мүлкі тәркіленеді. Ал  көлік салығын төлемегендердің машинасы автотұраққа қойылады. Сот шешімі шықса да, оны орындауға құлықсыздарға қызылордалық жеке сот орындаушылар осындай шара қолдануға мәжбүр. Себебі, өңірде мүлік салығын төлемегендер көбейген. Былтыр салық өндіру бойынша атқару ісі 2 мың болса, биыл 4 мыңнан асты. Яғни, екі  есеге артқан. Ал, берешек 60 миллион теңгеден 114 миллионға жетті. Сондықтан, сот орындаушылар жұмысты күшейте түсті. 

Нұрымжан Сайымов, облыстық Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы:

- Жер, автокөлік салығы, тұрып жатқан үйлері бойынша өтелмеген берешектері жинақталып отыр. Бұған қарамастан, өңірлік палатада жеке сот орындаушылар қандай да бір бағалы мүліктерін алып, тыйым салып, өндіру шараларын жүргізіп жатыр.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу