«Арселор Миттал» компаниясының Бельгиядағы зауытында жарылыстан бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арселор Миттал» компаниясының Бельгиядағы зауытында жарылыстан бір адам қаза тапты

21.11.2017

«Арселор Миттал» компаниясының Бельгиядағы зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Тағы екі жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Қазір жағдайлары қалыпты. Жарылыс Гент қаласында орналасқан зауыттың кокс өндірісінде қоймаға сұйық отын құйып жатқан кезде орын алған. Бейресми мәлімет бойынша, апат қысқа тұйықталудың салдарынан болуы мүмкін. Қазір арнайы зерттеу тобының мамандары мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

Игнас Демеэр, жедел жәрдем қызметінің дәрігері:

- Жарылыс кезінде жұмысшылардың дені зауыттың қауіпсіз аймақтарында жүрген. Уландырғыш заттар ауаға таралған жоқ. Демек, жақын жердегі тұрғындарға да, қоршаған ортаға да кокс газынан еш зиян келмейді.   

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу