Әйгілі польшалық саяхатшы Яцек Палкевич Қазақстанда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі польшалық саяхатшы Яцек Палкевич Қазақстанда

21.11.2017

Ол «Ұлы Жібек Жолы» бойымен жүріп өтуді жоспарлап отыр. Сапарын Еуразияның кіндігі саналатын Қазақстаннан бастамақ. Әрі қарай Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Беларусьті бойлай өтіп, өз елінің астанасы Варшавада  қорытындылайды. Яцектің саяхаты келесі жылдың көктемінде басталады.Бүгін әйгілі саяхатшы қазақстандық кәсіпкерлер мен журналистерді жинап, жоспарымен бөлісті. Жүздесу дастархан басында, яғни, еркін форматта өтті.

Яцек Палкевич, польшалық саяхатшы:

- «Ұлы Жібек Жолы» жобасы - бұл менің бастамам. Тарихи Марко Поло жолымен  байланысты ұйымдастырылды. Негізгі мақсатым - осы тарихи маңызы бар «Ұлы Жібек Жолын» қайта жаңғыртып, әлемге таныту. Сапарымды Сіздің еліңізден бастауым бекер емес, себебі, Қазақстан -  «Ұлы Жібек Жолының» жүрегі.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу