Астанада үлкен отбасылық аула клубы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада үлкен отбасылық аула клубы ашылды

21.11.2017

Оның бір ерекшелігі, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған. Яғни, тұрмыстық тұрғыдан таршылық көріп жүрген жанұялар балаларын осы аула клубына әкеліп, жан-жақты дамуына мүмкіндік алады. Жалпы, қазір бұл клубта 600-ден аса бала бар. Оларға түрлі бағыт бойынша үйірмелер ұйымдастырылған.

Мұндай игі орталықтың ашылуына Астана әкімдігі мен «Самұрық - Қазына» әл-ауқат қоры демеушілік жасаған. Айта кетейік, аула клубының барлық қызметі балаларға тегін көрсетіледі. 

Ләззат Алшынова, «Замандас» қоғамдық қорының директоры:

- Аула клубтарында 20 шақты сабақ өтеді. Балалар үйірмелерге келіп, тіл үйренеді. Робото техникасы, спортпен айналысады.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу