Астанадағы Қазмедиа орталығында жасөспірімдерге арналған шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Қазмедиа орталығында жасөспірімдерге арналған шара өтті

20.11.2017

Балалар күні мерекесіне орай, Астанадағы Қазмедиа орталығында жасөспірімдерге арналған шара өтті. Форматы - зияткерлік конференция. Оған өзінің жасына қарамастан, үлкен жетістіктерге жеткен балалар қатысып, құрдастарымен сұхбаттасты. Олардың арасында спорт, білім және өнер бойынша халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген жас таланттар бар. Барлығы 6 бала. Шараға қатысушы балғындар олармен ашық әңгіме құрып, жетістік жолындағы қиындық пен қызық туралы кеңінен білді. «Мұндай шара - жасөспірімдерді өнер-білімг баулып, жан-жақты дамуына сеп», - дейді ұйымдастырушылар. 

Тоғжан Төлеуова, медиа мектептің аға менеджері:

- Мұндай шара ең бірінші рет, Қазмедиа орталығында және медиа мектептің өзіндік бір жоспары бойынша өтіп жатыр. Жалпы, 20-қараша балалар күні. Соған орай осы мереке өз орнын табуда.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу