Алматы облысындағы ауылдарда учаскелік полиция қызметінің тірек пункттері ашыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы ауылдарда учаскелік полиция қызметінің тірек пункттері ашыла бастады

20.11.2017

Бұл бекеттердің басты ерекшелігі - тәртіп сақшысының үйі де, кеңсесі де бір ғимаратта орналасқан. Осы уақытқа дейін учаскелік полицейлер ауыл әкімдігінің бір бөлмесін паналайтын. Баспана мәселесі де қиын болатын. Жаңа бастама полиция қызметкеріне де, ауыл тұрғындарына да ыңғайлы. Инспектор өз жұмыс орнынан табылып, отбасының қамына  алаңдамайды. Жыл соңына дейін өңірде 63 осындай жаңа тірек бекеттері ашылады. Ғимараттар құрылысына облыс бюджетінен 1,2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Нұрлан Ғалиев, Екіаша ауылдық округінің учаскелік инспекторы:

- Мен қызмет атқаратын әкімшілік аймақта 5470 адам тұрады. Халықтың құқығын қамтамасыз етуге аянбай, отбасымыздың қасында алаңсыз қызмет етеміз.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу