«Астана-Щучинск» бағытындағы ақылы жолдан биыл 10 айда 1 млрд. теңге жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Щучинск» бағытындағы ақылы жолдан биыл 10 айда 1 млрд. теңге жиналды

20.11.2017

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға жоғары. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері хабарлады. Жиналған қаржы төлемақы жүйесімен қоса, жол жөндеу жұмыстарына, техникалық қызмет көрсету саласына жұмсалады. Қазіргі уақытта ақылы төлемді алдын ала төлеу қызметтерін оңтайландыру көзделіп отыр.

Жандос Жүнісов, «ҚазАвтоЖол» ҰК бөлім басшысы:

- Келесі жылға біз сервистік терминалдардың көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Теңге сервисімен қарым-қатынас жасап жатырмыз. Жолаушыларға оңай болу үшін интернеттен әртүрлі төлем көздерін қарастырып жатырмыз.

Жалпы, Солтүстік өңірдегі шенділер күре жолдардың қыс маусымына тас-түйін дайын екенін айтады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағаы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы аумағы 1468 шақырым. Олардың бірқатары биыл қайта жөндеуден өткен. 

Болатбек Айтбаев, «ҚазАвтоЖол» СҚО бойынша филиалының директоры:

- 82 техника, 240 тонна тұз, 2730 текше метр тұз әзір тұр. 11 жылыту орны мен 13 өндірістік бекет дайын. Жалпы, қыс маусымына 100 пайыз дайынбыз деп айта аламыз.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу