Алматыда биыл жеңіл жүрісті қыздар пайдаланатын 62 пәтер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда биыл жеңіл жүрісті қыздар пайдаланатын 62 пәтер жабылды

17.11.2017

Алматыда биыл жеңіл жүрісті қыздар көп пайдаланатын 62 пәтер - арнайы притондар жабылып, есігіне құлып салынған. Ал, олардың иелері 4 млн. 900 мыңнан астам теңге айыппұл төлеген. Жалпы, жыл басынан бері 411 жеңіл жүрісті қыз жауапкершілікке тартылып, оларға 4 млн. 600 мыңнан астам теңгеге айыппұл салынған. Полицияның мәліметінше, күніне 70-ке жуық жеңіл жүрісті қыз ұсталады, бірақ, оларды үш сағаттан артық қамауға құқықтары жоқ.

Салтанат Әзірбек, қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы:

- Олар егер біздің азаматшаларымыз болса, құжаттары түгел болса, қандай да бір қылмыстық, басқа құқықбұзушылықтар жасамаса, ұстай алмаймыз. Олар тәжірибе көрсеткендей бір-екі сағаттан кейін айналып, тура сол жолдың бойы болсын, сол жерде орналасқан кафе және басқа да ойын-сауық орталықтары болсын, солардың қасын паналап, жағалап жүреді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу