Еуро-5 стандартты жанармай Қазақстанда өндірілуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-5 стандартты жанармай Қазақстанда өндірілуі керек

20.02.2014
Еуро-5 стандартты жанармай Қазақстанда өндірілуі керек

Мұнай-газ индустриясында заманауи талаптарға сай инновациялық аппараттарды пайдаланып, еуро-5 стандартына сәйкес жанармай мен автокөліктерге арналған майлау заттарын өз елімізде өндіру қажет. Алматыдағы мұнай-газ индустриясын дамытуға арналған 6-шы халықаралық конференцияда химия саласының мамандары мен шетелдік сарапшылар осындай пікір білдірді.
  
 Бүгінде Павлодар, Шымкент, Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттары үздіксіз қара алтынды өндіріп, тасымалдаумен айналысады. Алайда оны игеріп, өңдеуде шетелден тартылған құрылғыларға тәуелді. Батысқа алақан жаймау мақсатында бірнеше жылдан бері отандық ғалымдар қазақстандық мұнай қалдықтарын тазалайтын катализатор құрастыруды қолға алды.
  
 Оған қоса, мұнай төгілген жерлерді залалсыздандырып, ағынды суды тазартатын электромембранды әдісін игерді. 2 жылдан бері бұл тәсілге сынақ жүргізіп, алдағы бірнеше жылда отандық зауыттарға енгізуді жоспарлап отыр.
  
Еділ Ерғожин, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор:
Мұнайды өңдеудің технологиясын жеделдету, жаңа катализаторлар табу, өзіміздің қазақстандық материалдарды пайдалану - үлкен ғылыми жұмыс. Елімізде 4 мұнай өндеу зауыты салынайын деп отыр. Сондықтан да, әсіресе мұнай мен газ химиясы саласындағы технологиялық, инновациялық зерттеулердің маңызы өте зор болады. 
  
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу