Қазақстанда халықаралық байқаушылар пулы жасақталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда халықаралық байқаушылар пулы жасақталып жатыр

16.11.2017

Орталық сайлау комиссиясы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар кеңсесі мұны әр жылы пысықтап отырады. Бүгін соның кезекті семинар-жаттығуы өтті. Жиынға 50-ден астам мемлекеттік органдар, министрліктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Олардың қатарында бұрын бақылаушылық миссиясын атқармағандары басым. Сол себепті, халықаралық стандарттарды, қалыптасқан жағдайды және кейбір шет елдердің тәжірибесін ескере отырып, әлеуетті байқаушылар дайындап шығу мақсат етілді. 

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Сол байқау жұмысын дұрыстап атқару үшін әрине, оларды біраз оқыту керек. Жыл сайын бірнеше тақырыптармен айналысамыз. Сайлаушылар тізімі өте маңызды. Өйткені, мұны күрделі, қажетті, маңызды құжат деп санаймыз.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу