Қарашаның алғашқы аптасында әлемде мейірімділік күні аталып өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарашаның алғашқы аптасында әлемде мейірімділік күні аталып өтеді

13.11.2017

Бұл дәстүр жер-жиһанның 50 мемлекетінде қалыптасқан. Биыл бұл игі іске біздің ел де үлес қосты. Астанада «Dance for Kindness» деген атаумен көлемді флешмоб ұйымдастырылды. Оған елордамыздағы Халықаралық мектептің 150 оқушысы мен ұстаздар қауымы қатысты. Барлығы бір мезетте мейірімділік биін билеп, жиналған жұртшылыққа жылу сыйлады. Іс-шараның мақсаты – балаларды ізгілікке тәрбилеп, жақсы істердің маңыздылығына назар аударту. 

Фатима Мұхамедиярова, Астана қаласындағы халықаралық мектеп директорының орынбасары:

- Бүгінгі іс-шараны мейірімділік күніне арнап отырмыз. Шараға Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысып жатыр. Арасында ұстаздар да бар.

Қайымжанова Жәнел, Астана қаласындағы халықаралық мектептің 7-сынып оқушысы:

- Адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілікпен қарау және оларға мейірімділік сыйлау өте жақсы іс деп ойлаймын.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу