Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесі бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесі бекітілді

12.11.2017

Осыдан екі күн бұрын үш елдің Сыртқы істер министрлері мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктесі туралы келісімге қол қойды. Салтанатты рәсім Самарқанд қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық конференциясы аясында өтті. Шараға Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Түрікменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қатысты. Бұл келісімге қол қою Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеудің бір кезеңін толығымен аяқтауға мүмкіндік беріп, үш мемлекеттің өзара сыйластығын, аумақтық тұтастығын нығайтуға негіз болады.

Хабарламаларға жазылу