Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің қатынасын бекемдей түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің қатынасын бекемдей түседі

10.11.2017

Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің қарым-қатынасын одан әрі бекемдей түседі. Сыртқы істер министрлігінің ТМД департаментінің директоры Нұржан Каджиақбаровтың пікірі осындай. Осымен он төртінші рет өткізілген шараның қос ел арасындағы алыс-беріс пен барыс-келісті арттыратынына сенімді. Айта кетейік, форум алғаш рет 2003 жылы басталды. Содан бері, қос мемлекеттің президенттері, аймақ басшылары және бизнес өкілдері жыл сайын бас қосады.

Нұржан Каджиақбаров, ҚР Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің директоры:

- Форум қорытындысында бірнеше екіжақты құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде мемлекетаралық, үкіметаралық Қазақстан мен Ресейдің өңірлері арасында бірнеше келісімдер мен шарттарға қол қойылды. Жалпы айтқанда, форумның нәтижелерін өте жоғары бағалаймыз.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу