Тамара Дүйсенова Қарағанды облысының жұртшылығына әлеуметтік көмек тетіктерін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Дүйсенова Қарағанды облысының жұртшылығына әлеуметтік көмек тетіктерін түсіндірді

10.11.2017

Қарағанды облысының Осакаров ауданында 50-ден астам аз қамтылған отбасы өз кәсібін ашып, 270-ке жуық адам еңбек көзін тапқан. «Өрлеу» бағдарламасының шарапаты туралы тұрғындар  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесуде айтып берді.

Министр жергілікті жұртшылыққа атаулы әлеуметтік көмек тетіктерін түсіндірді. Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова халыққа  елімізде  электронды Еңбек биржасы мен  enbek.kz сайты әзірленгенін хабарлады. Бұл жұмыс іздеуші мен жұмыс берушінің арасын байланыстыратын көпір болмақ.  Ал, ауыл әкімдерімен өткен жиналыста әлеуметтік қорғау саласындағы  реформалар талқыланды.

Естеріңізге салайық, Жаңа жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақының орнына бірыңғай жәрдемақы беріледі. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

 - Кейбір сұрақтар болып жатыр. Балаларға берілетін жәрдемақы тоқтап қалатын сияқты деген. Сондықтан, өзім келіп сіздермен тағы да бір рет кездесіп, осы мәселе жөнінде ақпарат жеткізейін дедім. Әрине, заң барлық мәселені өзіне ала бермейді. Басқа да пікірлер болуы мүмкін. Заңға қандай өзгерістер енгізуге болады деген сіздердің пікірлеріңіз болса, онда оны қарастыруға болады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу