Кепілде тұрған мүлікті сатуға рұқсат берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кепілде тұрған мүлікті сатуға рұқсат берілмек

09.11.2017

Банкте кепілде тұрған мүлікті сатуға рұқсат берілуі мүмкін. Бүгін осындай өзгерістерді қамтыған құжат Мәжілісте таныстырылды. Меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар бойынша заң 16 заңнамалық актіге түзету енгізбек. Қазіргі таңда банктер заемдарға қызмет көрсеткен кезде комиссия бағасын екі еселеп төлетеді. Заңда аталған норманы алып тастау қаралады.

Сонымен қатар, азаматтан мүлік алынған кезде оның орнына алынған мүліктің құнына пара-пар мүлікті беру туралы норма бар.

Гүлнар Бижанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 - Сіз үйді ипотекаға алдыңыз. Бірақ, оны төлей алмадыңыз. Банк сізден кепілдікке қойылған мүлікті алып алады. Банк ол мүлікті сатқан кезде оның бағасы нарықтағы бағадан төмен болады. Бірақ, кепіл берушінің өзінің құқығы болады. Ол өз еркімен мүлікті сата алады. Сату арқылы ол банктегі қарыздан жоғары сомада пайда таба алуы мүмкін.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу