Жамбыл облысында жаппай төбелестен зардап шеккендердің қатары көп болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жаппай төбелестен зардап шеккендердің қатары көп болуы мүмкін

08.11.2017

Соңғы мәлімет бойынша жарақат алған 9 адам дәрігерлерден көмек сұрап келген. Жамбыл ауданының Қаракемер және Құмтиын ауылының азаматтары кеше кешкісін өзара жанжалдасып, ерегістің соңы атысқа ұласқан. Бір азаматқа оқ тиіп көз жұмды. 30 жастағы азаматтың өмірін қиған күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Құқық қорғаушылар оны әлі іздестіруде. Тәртіп сақшылары ауылдан талқаны шыққан 4 автокөлікті тапқан. Қазір ауыл-аймақ құқық қорғаушылардың бақылауында. Төбелестен зардап шеккендердің 7-уі үйіне қайтарылды. Екеуі әлі ем қабылдап жатыр.

Жетпіс Айхожаев, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының дәрігері:

- Тоғызы келді. Көмек көрсетілді. Ертеңінде екеуі келді, оқ тиген. Майда бытыра оқтары алынып, көмек көрсетілді.   

Хабарламаларға жазылу