Несиелендіру шарттары жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несиелендіру шарттары жеңілдейді

18.02.2014
Несиелендіру шарттары жеңілдейді
Шағын және орта бизнесті несиелендіру бағытында елімізде әлі де түрлі кедергілердің бар екені жасырын емес. Бұл орайда арнайы қаржы технологиялары да қарастырылмаған.
 
Осы және өзге де мәселелерді шешу үшін, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы жергілікті қаржы институттарымен Меморандумға қол қойды.
 
Екіжақты келісімде ауылдық елді мекендердегі несиенің қолжетімділігі, несие алушыларға қойылатын талаптарды жеңілдету және сауда нүктелерінде ПОС-терминалдар орнату мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, өзара пікір алмасу клубы құрылмақшы.
 
Дінмұхаммед Әбсаттаров, Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры:
Іс-жоспарға сәйкес, кәсіпкерлік саласының белсенділігін, қаржы саласына деген қолжетімділікті және өңіріміздің қаржы саласындағы үлесін арттырамыз ба, деген үлкен мақсатымыз бар.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу