Атырау облысында 18 жастағы шопан жігіт оқыста көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 18 жастағы шопан жігіт оқыста көз жұмды

03.11.2017

Атырау облысы Жылыой ауданындағы қыстақтардың бірінде бар-жоғы 18 жастағы шопан жігіт оқыста көз жұмды. Оны 14 жастағы жасөспірім абайсызда атып жіберген. Оқиға түнгі уақытта болған.  Каникулға шыққан жасөспірім Биікжал ауылында тұратын ағасының үйіне қыдырып барған. Ағасы қыстақта көмекшісімен бірге мал бағады екен. Оның әбден ұйықтап кеткеніне көз жеткізген көмекшісі мен жасөспірім өздерімен бірге мылтықты алып, аң аулауға шығады. Өкінішке қарай, ақыры қайғылы жағдайға тап болады.

Назымгүл Қайсағалиева,  Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы:    

- Жолда келе жатқан кезде 2003 жылы туылған баланың қолында қару болады, ол көлік жүргізіп келе жатқан 1999 жылғы шопанның көмекшісіне оқ кенеттен атылып кетеді. Оқ басына тиеді. Оқиға орнында 1999 жылғы азамат қаза болды. Олардың барлығы да сол Жылыой ауданының тұрғындары. Қазіргі кезде соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу