Халықаралық туристік көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық туристік көрме өтті

17.02.2014
Халықаралық туристік көрме өтті
 
«Өзіңе және әлемге Шығысты аш». Өскеменде осындай атаумен халықаралық туристік көрме және форум өтті. Онда осы аймақтың әр ауданынан келген шипажайлар мен емдеу-сауықтыру кешендерінің, демалыс базаларының, тарихи-мәдени орындардың өкілдері өздерінің сан алуан қызмет түрлерін жан-жақты таныстырып, мол мағлұмат ұсынды.
 
Шараға Туризм индустриясы комитетінің, Қазақстанның Туристер қауымдастығының жетекшілері және Ресей, Қытай, Моңғолия, Корея, Словакия елдерінен арнайы шақырылған туристік компаниялардың мамандары қатысты.
 
Форум барысында туризм саласында кәсіп бастауға ниетті кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету тетіктері және трансшекаралық туризмді дамыту жолдары талқыланды. Мұндай көрмені бұдай былай жыл сайын өткізіп тұру көзделіп отыр. 
 
Амангүл Сәкей, туристік фирманың басшысы (Моңғолия) :
Қанша уақыт шетте жүрсек те, біз тарихи мекеніміз - Қазақстанды, қазақ елін мақтан тұтамыз. Осындай теңіздей толқып жатқан мемлекеттің дамуына, туризм саласының өркендеуіне, тамшыдай болса да, үлесімді қоссам қуаныштымын. Істеріңіз ілгері болсын.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу