Солтүстік Қазақстан облысында диқандар астықты өткізуге асығар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында диқандар астықты өткізуге асығар емес

02.11.2017

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары астықты өткізуге асығар емес.  Биыл өңір аграрилері 5 миллион тоннадан астам өнім жинап алғанымен, бірде-бірі бидайды «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» қамбасына құйған жоқ.

Қазір қамбада өткен жылдардан қалған 300 мың тонна бидай бар. Бүгінге дейін корпорация диқандардан 40 мың теңгеден  60 мың тонна арпа сатып алды. «Ал, аграрилердің бидайды өткізбеу себебі әр түрлі болуы мүмкін», - дейді мамандар. Соның бірі - өнімді өз қамбаларында сақтап, көктемде баға өскен кезде, қымбатырақ сату. Тағы бір себебі - өнімнің сапасы корпорацияның сұранысына сай келмеуі. 

Хабарламаларға жазылу