«Тәуелсіздік» атты бидай сорты алғашқы өнімін берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіздік» атты бидай сорты алғашқы өнімін берді

27.10.2017

Ауыл шаруашылығы саласына ғылыми  кадрларды тартудың тың тәсілі. Александр Бараев атындағы ауыл шаруашылық ғылыми өндірістік орталығы жанынан жас ғалымдарға арнап 100 орындық жатақхана салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін аталған ғылыми орталықтың директоры Кенже Абдуллаев айтты. Қазір Ауыл шарушылығы министрлігіне бұл мәселеге қатысты тиісті ұсыныс жолданған.

Министрлік те мәселені оң шешуге мүдделі. Себебі, агарлық саладағы ғылыми әлеуетіміз соңғы жылдары төмендеп кеткен. 

Мәселені жуырда Ауыл шаруашылығы министрі де көтерді. Министрліктің мәліметінше, саладағы аға ғылыми қызметкерлердің орта жасы қазір 65-те, яғни жас ғалымдар ауылшаруашылығы саласына келуге асығар емес.  Нәтижесінде ғылыми мақалалардың саны да 40 пайызға азайып кеткен. Дегенмен, ғалымдардың жетістіктері де жоқ емес. Отандық ғалымдар  «Тәуелсіздік» деп аталатын бидай сортын шығарған. 

Кенже Абдуллаев, «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС директоры:

 - «Тәуелсіздік» деген сорт мына Қазақстанның 25 жылдығына арналған сорт. Өткен жылы сынақтан өтіп, өндірілді. Өнімі басқалармен салыстырғанда сапасы да жақсы болып шықты. Бұл бір жағы суыққа да төзімді. 

  Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу