Астанада дінтану негіздері бойынша семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада дінтану негіздері бойынша семинар өтті

27.10.2017

Астанада дінтану негіздері бойынша өткен екі күндік семинар өз жұмысын қорытындылады. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен семинар тренингке еліміздің барлық аймағынан мамандар қатысты. Олар мешіт имамдары және дін істері бөлімінің мамандары.

Діни сауаттылықты арттыруға бағытталған осындай шаралардың берері көп, - дейді мамандар. Былтырғыдан биылымыз жақсы, бүгінімізден ертеңіміз жақсы деген қорытынды шығарды. Бірақ, әлі де болса тәжірибе мен іскерлік жағынан әлсіздік бар. Сол үшін теолог-ғалымдар мен имамдардың бірлесіп зайырлы тұрғыда жұмыс атқаруы аса маңызды. Бүгін аяқталған семинар жұмысы осы олқылықты түзеуге арналды, - дейді, мамандар. 

Айдар Әбуов, «Мәдениеттер мен діндер» Халықаралық орталығының басшысы:

- Имамдар жағынанда әлсіздік бар, мемлекет жағынанда әлі де жұмыс қажет етеді. Осыны бірлесіп тұрып зайырлы тұрғыда діни мәселелерді, діни құндылықтарды да зайырлы жағынан түсіндірілсе жемісті жұмыс болады деп ойлаймын.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу